Accessibility links

Күйші домбырасы музейге тапсырылды


Күйші домбырасы музейге тапсырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

Алматыдағы Ықылас атындағы халық аспаптары мұражайында музыка зерттеушісі, күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловты (1955-2014) еске алу кеші болып өтті. Кеш барысында Таласбектің өз қолымен жасаған домбырасы музейге қойылып, күйшінің өзі орындауындағы күйлер жазылған дискінің тұсауы кесілді. Таласбек Әсемқұлов оқырмандарына "Атайы", "Кәрі ат", "Арылу" атты әңгімелері мен "Шымдан" хикаяты және музыканттардың өміріне арналған "Талтүс" романы арқылы танылды. Ол - «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана» және «Тұмар падиша» сияқты киносценарийлер жазған. "Бәйжігіт күйлері", "Тәттімбеттің мұрасы" жинақтарының құрастырушысы, «Қазақтың мың күйі» атты антологияға енген ондаған дәстүрлі күйдің орындаушысы.

XS
SM
MD
LG