Accessibility links

Қарағанды: Төменгі Нарбақ су қоймасында бөген бұзылды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында Төменгі Нарбақ су қоймасының бөгені жарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Нұра-Сарысу бассейнінің Төменгі Нарбақ су қоймасындағы бөген Шет ауданында 4 сәуірге қараған түні сағат 03 шамасында жарылған. Аймақтағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Бөгеннің бұзылуынан Қызылорда-Павлодар жолының 796 километрінде жолдың 5-6 метр тұсын су басқан. Жолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылып, пост қойылған.

Су қазір Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзені аңғарында орналасқан Бидайық су қоймасына кетіп жатыр. Бұлан ары артық су табиғи жолмен Сарысу өзенінің аңғарына кетеді.

XS
SM
MD
LG