Accessibility links

Қырғызстан төңкеріс болған 7 сәуірді мереке деп жариялады


Қырғызстандық Бішкекте 2010 жылғы сәуір төңкерісінде қаза тапқан демонстранттарға қойылған ескерткішке тағзым етіп тұр. 7 сәуір 2013 жыл.
Қырғызстандық Бішкекте 2010 жылғы сәуір төңкерісінде қаза тапқан демонстранттарға қойылған ескерткішке тағзым етіп тұр. 7 сәуір 2013 жыл.

Қырғызстанда төңкеріс болған сәуірдің 7-сі ресми түрде мемлекеттік мереке деп жарияланды. Президент Алмазбек Атамбаев бүгін 7 сәуірді Халықтық сәуір революциясы күні деп ресми түрде тану туралы жарлық шығарды.

2010 жылы 7 сәуірде үкіметке қарсы басталған жаппай қарсылық нәтижесінде сол кездегі президент Құрманбек Бакиев биліктен тайдырылған. Толқулар кезінде қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ атып, 100-ге тарта адам құрбан болған. Ұзамай Бакиев елден қашып кеткен.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент жарлығына сай 17 наурыз бен 24 наурыз да мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.

2002 жылы 17 наурызда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Аксы ауданында да үкіметке қарсы толқулар кезінде полиция төрт шерушіні атып тастаған. Ал 2005 жылы 24 наурызда Бішкектегі үкіметке қарсы шерулер нәтижесінде сол кездегі президент Асқар Ақаев биліктен тайдырылған. Бұл төңкеріс кейін "қызғалдық төңкеріс" аталып кеткен.

XS
SM
MD
LG