Accessibility links

Оралға жаңа әкім тағайындалды


Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Күлгінов (оң жақта) Орал әкімі Нариман Төреғалиевті таныстырып отыр. 5 сәуір 2016 жыл.
Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Күлгінов (оң жақта) Орал әкімі Нариман Төреғалиевті таныстырып отыр. 5 сәуір 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов бүгін Орал қаласының әкімі етіп 52 жастағы Нариман Төреғалиевті тағайындады.

Нариман Төреғалиев бұған дейін облыс әкімінің орынбасары, облыстық табиғи монополияны реттеу департаментінің басшысы , Ақжайық ауданының әкімі сияқты қызметтерді атқарған.

Орал қаласының әкімі орны өткен айда сол кездегі әкім Алтай Күлгінов облыс әкімі болып тағайындалған соң босаған еді.

Бұған қоса бүгін облыс әкімінің екі орынбасары тағайындалды. Облыстың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасын басқарған Бибігүл Қонысбаева мен облыс әкімі аппаратын басқарған Марат Тоқжанов әкімнің орынбасарлары болды.

Алтай Күлгінов Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметіне 26 наурызда тағайындалған. Бұған дейінгі әкім Нұрлан Ноғаев көршілес Атырау облысына әкімі болып кеткен.

XS
SM
MD
LG