Ресей президенті Владимир Путин Ресейде терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күресетін ұлттық гвардия құрылып жатқанын жариялады. "Шешім қабылданды, біз атқарушы құзыреті бар жаңа федералдық орган құрып жатырмыз" деді Путин 5 сәуірде Кремльде қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесуінде.
Ұлттық гвардия ішкі істер министрлігі әскерінің негізінде құрылмақ. Ол Ресейдің есірткімен күрес агенттігі мен федералдық миграция қызметі қазір ішкі істер министрлігіне бағынышты болатынын айтты.