Accessibility links

Әсет Матаев үйқамақта қалды


ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев.
ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев.

ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Әсет Матаевты үйқамаққа алу туралы сот шешімі өзгермеді. Бұл туралы Азаттыққа Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Дияс Махамбетов хабарлады. Матаевты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы қаулыны Медеу аудандық соты 28 наурызда коррупцияға қарсы бюро тергеушілерінің өтінішімен шығарған.

Матаевтың адвокаттары соттан оны үйқамақтан кепілге босатуды сұраған. Бүгін бұдан бұрын апелляциялық шағымды қарап жатқан Алматы қалалық сотының судьясы Ардақ Ешееваға берілген қарсылық қабылданбаған.

Әсет Матаев пен оның әкесі, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев та ақпаннан бері үйқамақта отыр. Сейітқазы Матаев мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартып, өзіне қарсы істі үкіметтік емес бірлестік пен ақпарат құралына қысым жасау деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG