Accessibility links

Баку: Ереван Таулы Қарабақта бітім бұзды


Таулы Қарабақтағы "халық жасақтарының" танкілері. 5 сәуір 2016 жыл.
Таулы Қарабақтағы "халық жасақтарының" танкілері. 5 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян тарабы кеше Таулы Қарабақта бітім жарияланғаннан бері келісімді 115 рет бұзғанын мәлімдеді. Министрлік өкілі Вагиф Дяргахлының РИА "Новости" агенттігіне хабарлауынша, армян жағы қақтығыс шебін ірі калибрлі пулеметтер мен артиллериядан атқылаған. Баку бітімді сақтап отырғанын айтады.

5 сәуір күні Әзербайжан мен Арменияның бітім жасасқаны жарияланып, әскери қимылдар тоқтатылғаны хабарланған еді.

Таулы Қарабақтағы жағдай 2 сәуірге қараған түні күрт шиеленіскен. Бүгін Баку мен Степанакерт төрт күнге созылған ұрыстан тартқан шығынын жариялады. Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ билігі 29 сарбазы қаза тауып, 28-і із-түзсіз жоғалған және 72 сарбазы жараланғанын айтады. Әзербайжан жағынан 31 сарбаз оққа ұшқан.

БҰҰ 4 сәуірде қарулы қақтығыстан 30-дан астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG