Accessibility links

Солтүстікте бірнеше ауылды су басқан


Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы бірнеше ауылды су басып қалған деп хабарлады өңірдегі Азаттық тілшісі.

Келлеровка ауылында 40-тан астам үй үш күннен бері су астында қалған. Үйлерін су алған тұрғындар туысқандарында және таныстарында түнеп жүргендерін айтты. Төтенше жағдай қызметі деңгейі бір жарым метрден асып кеткен суды ауылды бойлай қазған жыра арқылы шығару жағын қарастырып жатыр.

Тайынша ауданындағы Красная поляна мен Держановка ауылдарында да су басуына байланысты төтенше жағдай жарияланған. Егін алқаптарынан келген су ауылға барар жолды шайып кеткен.

Қазір Келлеровка мен Красная поляна ауылдарында сабақ тоқтатылған. Төтенше жағдай қызметі су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтады.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00
XS
SM
MD
LG