Accessibility links

Яценюк: Ресей мұнай өнімдеріне тыйым салынады


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейден импортталатын мұнай өнімдеріне тыйым салатынын мәлімдеді. Украина Мәскеу 2014 жылы Қырым түбегін заңсыз аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейден жеткізілетін азық-түлікке тыйым салған.

Яценюк 6 сәуірде Киевте үкімет отырысында Украина Ресейге қарсы бірқатар санкция салғанын, "бірақ кейбір себептерге байланысты ең маңызды тауар - мұнай өнімдері тыйым салынған тауарлар тізіміне енгізілмегенін" айтты.

Ол экономика министрінен "басқыншы Ресейдің мұнай өнімдерін сатып алуға тыйым салу тетіктерін қарастырып, жетілдіруді" сұраған.

Украина мен Батыс елдері Ресейді Донбастағы сепаратистерді қаржы, әскер және қару-жарақпен қамтамасыз етеді деп айыптайды. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG