Accessibility links

Қостанай әкімінің экс-орынбасары сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай қалалық 2-сотында Қостанай қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелянге үкім шықты.

Жергілікті "Наша газета" порталының хабарлауынша, сот оны "сөз байласты" және "пара алды" деп айыптап, жеті жылға соттады.

Тергеу мәліметі бойынша, Аракелян "Вескор" фирмасының директоры Сергей Евстафьевтен конкурста жеңіп шығу үшін 300 мың теңге пара алған. Сот Аракеляннің дүние-мүлкін тәркілеп, 300 мың теңге өндіріп алуға үкім кескен.

XS
SM
MD
LG