Accessibility links

Назарбаев Иран, Түркия және Өзбекстанға барады


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11-15 сәуір аралығында Иран мен Түркияға және Өзбекстанға сапарлайды деп хабарлады бүгін Ақорданың ресми сайты.

Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев 11-12 сәуірде Иранға осы ел президенті Хассан Роуханидің шақыруымен бармақ. Екі ел басшысының кездесуінде сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы мен транзиттік көлік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікте өзара іс-қимыл талқыланбақ.

Иран сапарынан соң Назарбаев 13-14 сәуірде Түркияға барып, Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-саммитіне қатысады. Сапар барысында оның Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев Түркиядан соң 15 сәуірде Өзбекстанға барып, осы ел президенті Ислам Каримовпен кездеспек. Келіссөзде президенттер Қазақстан мен Өзбекстанның екі жақты қарым-қатынасын талқылайды.

XS
SM
MD
LG