Accessibility links

Оңтүстікте 3 мың мекеме мүгедектерге бейім емес


Пандуспен түсе алмай тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Пандуспен түсе алмай тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысында 3300-ден аса мемлекеттік және жекеменшік мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалмаған деп мәлімдеді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.

«2013 жылдан бері 1800-ден аса нысан бейімдеуден өтті. Өкінішке қарай, жұмсалған қаражаттың бәрі мақсатты пайдаланылды деп айту қиын. Мысалы, нысандарда орнатылған пандустар мен табалдырықтардың өзінде өте көп кемшіліктер бар» дейді басқарма басшысы.

Оңтүстік Қазақстан облысында 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді. Тірек-қимыл аппараттары бұзылған 26,7 мың азаматтың 8,5 мыңы қол арбамен қозғалады. Ал 16,4 мың азаматтың көру және есту қабілеті төмен.

XS
SM
MD
LG