Accessibility links

ҚМДБ Сирияға кетушілер туралы айтты


ҚМДБ-ның хиджаб туралы және Сирияға кетушілер жайлы пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:21 0:00

ҚМДБ-ның хиджаб туралы және Сирияға кетушілер жайлы пікірі. Ақтау, 8 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымын интернет арқылы насихаттаушыларға қарсы роликтер мен деректі фильмдер жасап жатыр деп хабарлады басқарманың наиб-мүфтиі Серікбай Ораз Маңғыстау облысына келген сапарында.

«Сирияға, Иракка бару біздің шариғаттың талабы емес. Өз елі, отаны бола тұра ата-ана, туған-туысы ризалығы болмаса да, өз жерін тәрік ету шариғат талабына сәйкес емес» деді ол.

Ал ҚМДБ бас мүфтиі Ержан Майемеров оқушы қыз балалардың хиджаб киюіне қатысты пікірін айтты.

«Әр мекеменің заңын сыйлау керектігін, ата-ана мен мектеп арасында келісім болуы керек деген де ұсыныс айттық» деді Ержан Майемеров.

Оның сөзінше, діни басқарма «исламда балиғатқа толған қыздың жаулық тағуға болатынын» мәлімдеген.

ҚМДБ дерегінше, республика бойынша терроризм және экстремизм айыптарымен сотталған 400-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Басқарма «жат ағымдардың жетегіндегі 802 адамның дәстүрлі жолға түскенін» де айтады.

AzattyqTV

Мал шығынының себебі белгісіз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00
XS
SM
MD
LG