Accessibility links

Үндістандағы өрттен жүзден астам адам мерт болды


Өрт болған жерде тұрған адамдар. Үндістан, 10 сәуір 2016 жыл.
Өрт болған жерде тұрған адамдар. Үндістан, 10 сәуір 2016 жыл.

Үндістанның оңтүстік-батысындағы Керала штатында индуистік храмда болған өрт салдарынан жүзден астам адам мерт болып, екі жүзге жуық адам зардап шеккен. Өрттің шығуына индуистік мерекеде отшашуға пайдаланылады деп жоспарланған пиротехникалық заттар сақталған қоймадағы жарылыс себеп болған деп хабарлайды ВВС полицияның алдын ала мәліметтеріне сілтеме жасап. Шыққан өрттен храм жанып кеткен.

Төтенше оқиға кезінде қатты зардап шеккендер штат орталығы Тривандрамдағы мемлекеттік медициналық колледжге жатқызылған. Олардың көбінің халі ауыр екені айтылып отыр.

Үндістандық баспасөз құралдарының хабарлауынша, жергілікті билік қауіпсіздік ережелеріне сүйеніп және тұрғындардың шағымына байланысты храм маңында отшашу мерекесін өткізуге рұқсат бермеген.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди өрттен қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиға болған жерге аттанған. Үндістанда түрлі мерекелік шараларда отшашу ұйымдастыру дәстүрге айналған. Кейде оның соңы қайғылы жайттарға ұласады.

XS
SM
MD
LG