Рим папасы Франциск биыл маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Арменияға сапармен барады. Бұл туралы бүгін Армения мен Ватиканда тараған ақпаратта айтылған.
Бұл Рим католик шіркеуі басшысының Арменияға екінші сапары болмақ. Бұған дейін 2001 жылы қыркүйектің 25-27 күндері Ереванға сол кездегі Рим папасы екінші Иоанн Павел сапармен барған.
Ол Арменияда христиан діні мемлекеттік дін болып жарияланғанына 1700 жыл толуына арналған салтанатты шараларға қатысқан еді.