Accessibility links

Пәкістандағы зілзаладан бір адам қаза тапты


Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).
Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).

Пәкістанның солтүстік-батысында болған күшті жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, ондаған адам жараланды деп хабарлайды пәкістан билігі. Қуаты 6,6 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі кеше Ауғанстанның солтүстік-шығысында Тәжікстанмен шекаралас аймақта болған. Жерасты дүмпулері Оңтүстік Азияның бірнеше қаласында, оның ішінде Кабул, Исламабад, Лахор, Дели мен Душанбе қалаларында сезілген.

Зілзаладан ғимараттардың қатты қирағаны туралы мәлімет жоқ. Пәкістанның табиғи апат салдарын жою ведомствосының баспасөз хатшысы зілзаладан көшкін жүру қаупі бар.

Өткен жылдың қазан айында аталған аймақта қуаты 7,5 магнитуданы құрайтын жер сілкінісінен 300-ге тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG