Accessibility links

Тайшыбековті жазасын өтейтін түрмеге апарды


Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Қордай, 4 қараша 2015 жыл.
Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Қордай, 4 қараша 2015 жыл.

Тараздағы тергеу изоляторында қамауда отырған блогер Ермек Тайшыбеков бүгін этаппен Тараздағы ЖД-158/2 деп аталатын басқа түрмеге жеткізілді. Бұл туралы Азаттыққа оның ағасы Марлен Тайшыбеков хабарлады. Ол Тараздағы тергеу абақтысына азық-түлік апаруға барғанымен, ол жерден бауырын таба алмағанын айтады. Тайшыбеков бұл түрмеде Жамбыл облысының Қордай аудандық сотының өзіне кескен төрт жылдық түрме жазасын өтейді.

Марлен Тайшыбековке абақтыда Ермекті Тараз маңындағы басқа түрмеге әкеткенін айтқан.

Марлен Тайшыбековтың ақпаратын ЖД-158/2 түрмесінің қызметкері растады. Қызметкер Ермек Тайшыбековтің өзін-өзі қалыпты сезінетінін, денсаулығына шағымданбайтынын және карантинге 15 тәулікке жатқызылғанын айтады.

Ресейшіл көзқарастарымен белгілі болған 38 блогер Ермек Тайшыбековті Қордай аудандық соты Facebook әлеуметітк желісіндегі жазбаларында әлеуметтік араздықты қоздырды деп тапқан. Тайшыбековтің өзі айыбын мойындаудан бас тартып, өзіне қарсы істің саяси астары бар деп санайды.

Тайшыбеков сот үкіміне апелляциялық шағымданбақ болғанымен, Жамбыл облыстық сотында жеңілген. Енді оның өзі мен адвокаты үкімге кассациялық шағым бермек ниетте.

XS
SM
MD
LG