Accessibility links

АҚШ Ирактың ИМ-мен күресін қолдауды күшейтпек


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.
АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Ирак үкіметі ішіндегі күрес АҚШ-тың бұл елдегі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы әскери күресіне әсер етпейтінін мәлімдеді. Картер 11 сәуірде Вашингтон "Ирактағы ИМ-ге қарсы әскери кампанияны бар мүмкіндігінше жеделдетіп жатқанын" айтты.

Пентагон Ирактың құрлықтағы әскеріне беретін көмегін көбейту, оның ішінде Ирактағы АҚШ әскері санын арттыру жолдарын қарастырып жатыр.

Пентагон бұған қоса америкалық әскери "Apache" тікұшақтарын жеткізу, АҚШ-тың арнайы мақсаттағы әскери күштерін түсіру немесе Ирак үкімет күштеріне әскери кеңесшілер жіберуді ойластырып жатыр.

Картер президент Барак Обама келесі аптада Сауд Арабиясында өтетін АҚШ - Парсы шығанағы елдері кеңесі басшыларының саммитінде аймақ елдерінен ИМ күйреген соң Иракты қалпына келтіру жұмыстарына барынша көмектесуді сұрайды деп күтетінін де айтты.

XS
SM
MD
LG