Accessibility links

Павлодарда автобус апатынан екі адам қаза тапты


Павлодар облысының аумақтық картасы.
Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодар облысында кеншілер мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Жол апатынан тағы бір адам зардап шеккен.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Майқайың - Екібастұз жолында 11 сәуір күні кешке болған. Кеншілер мінген автобус "Волга" жеңіл көлігімен соқтығысып, автобус жол жанындағы жыраға құлап кеткен. Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар - автобустың жүргізушісі мен жолаушысы. Ал жеңіл көлік жүргізушісі жараланып ауруханаға түскен. Автобуста жеті кенші болған.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG