Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бортында болған екі әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, Ми-28 шабуылдаушы тікұшағы 12 сәуір күні таңертең Хомс провинциясында апатқа ұшыраған. Ведомство тікұшақты ешкім атып түсірмеген дейді.
Әскерилердің денесі Хмеймимдегі Ресей әскери базасына жеткізілген. Тікұшақтың неден құлағаны әзірге айтылмайды.