Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Стамбул қаласына барды деп хабарлады Ақорда сайты.
Президент Назарбаев Түркияда Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-саммитіне қатыспақ.
Ол бұған қоса Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, саммитке барған делегация жетекшілерімен де кездеспек.