Accessibility links

Украинада жаңа үкімет жасақталғаны хабарланды


Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман.
Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман.

Украинадағы ең ірі екі батысшыл партия 13 сәуір күні кешке парламент спикері Владимир Гройсман басқаратын жаңа еуропашыл үкімет құрамын жасақтауға келісті. Гройсманның баспасөз хатшысы Дмитрий Солярчук коалиция құрылғаны туралы Twitter-де хабарлады. Президент Петр Порошенконың жақын серігі Гройсман мен оның кабинеті 10 сәуірде отставкаға кеткен Арсений Яценюк үкіметін алмастырады. Яценюк коррупциялық жанжал мен Украина шығысындағы сепаратистермен күреспен байланысты мәселелерден отставкаға кеткен.

Бұрынғы премьердің "Халықтық майдан" партиясы бұл күндері Петр Порошенко блогымен жаңа коалиция құру туралы күрделі келіссөз жүргізген. Жаңа үкімет құрамы туралы келісім жасалғанын бірнеше саясаткер де растады. Олар жаңа үкіметтегі денсаулық сақтау министрінен басқа барлық министр қызметінен үміткерлерге келісім білдірілгенін мәлімдеді. Жоғарғы Рада спикерінің орынбасары Максим Бурбактің, жаңа үкімет құрамы бүгін ресми түрде жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG