Accessibility links

Обама: ИМ қорғануға көшті


АҚШ президенті Барак Обама (ортада мінберде) Орталық барлау басқармасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесіп тұр. Вашингтон, 13 сәуір 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (ортада мінберде) Орталық барлау басқармасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесіп тұр. Вашингтон, 13 сәуір 2016 жыл.

Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның іс-қимылы бұл ұйым содырларын тек қорғануға мәжбүрледі. Бұл туралы 13 сәуірде АҚШ президенті Барак Обама Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) штаб-пәтерінде ұлттық қауіпсіздік бойынш кеңесшілерімен кездескен соң мәлімдеді.

Обама коалицияның іс-қимылдары нәтижесінде Сирия мен Ирактағы ИМ территориясы азайып барады. "ИМ қорғанып қана тұр, ал біз шабуылдап жатырмыз. Біз қарқын алдық, енді соны сақтап тұрмақпыз" деді Обама. Ол АҚШ ИМ жетекшілеріне қарсы соққыны тоқтатпайтынын да айтты.

"Қазір біз ары қарайда іс-шаралар жасауға ниеттіміз. ИМ жетекшілері күн сайын бұл күн өздерінің ақырғы күні болуы мүмкін деген оймен оянады" деді АҚШ президенті. Обама Вашингтон Иракқа көмек беруді жалғастырып, Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі бейбіт келіссөз барысына ықпал ете беретінін де жеткізді. Оның пікірінше, Сириядағы бес жылға созылған азаматтық соғыс ИМ-ді жеңудегі негізгі фактор саналады. "Бұған дейін бірнеше мәрте айтқанымдай, ИМ-ді жоюдың жалғыз жолы - Сириядағы азамат соғысын тоқтату. ИМ бұл соғысты өз мақсатына пайдаланып отыр" деді Обама.

XS
SM
MD
LG