Accessibility links

Эмомали Рахмонның қызын парламент депутаттығына ұсынды


Озода Рахмон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы.
Озода Рахмон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы.

Тәжікстан президенті аппаратының жетекшісі, президент Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмонды Душанбе қаласының халық депутаттары парламенттің жоғарғы палатасы - Маджлис Милли депутаттығына кандидет етіп ұсынды. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік редакциясына дереккөзі хабарлап, Озода Рахмонды Душанбедегі №4 округінен кандидат етіп ұсынуды депутаттар "бірауыздан" қолдағанын айтты.

Ал "Азия-Плюс" агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, Озода Рахмонның кандидатурасына балама болмағанын айтады.

Маджлис Миллидің Душанбенің №4 округі бойынша депутатын сайлау 29 мамырда қалалық маджлис пен қаланың төрт ауданының маджлисі депутаттарының бірлескен отырысында өтеді.

Бұған дейін №4 округі бойынша жоғарғы палата депутаты президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Бахтиер Худоерзода болған. Ол қаңтардың соңында сайлау және референдум бойынша орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалып, депутаттық мандаты тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG