Accessibility links

Керри: Балтық теңізіндегі оқиға - арандату


Ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағының Балтық теңізіндегі америкалық "Дональд Кук" эсминеці үстінен ұшып бара жатқан сәті. 12 сәуір 2016 жыл.
Ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағының Балтық теңізіндегі америкалық "Дональд Кук" эсминеці үстінен ұшып бара жатқан сәті. 12 сәуір 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағының Балтық теңізінде америкалық "Дональд Кук" эсминеціне қауіп тудыра жақын ұшып барғанын айыптап, оқиғаны "қауіпті әрі парасатсыз" арандатушылық деп атады.

Керри халықаралық теңіз аймағында жүрген АҚШ әскери кемесі әскери іс-қимыл жүргізу ережесі бойынша Су-24 ұшағын атып түсіруіне хақы болғанын мәлімдеді. Керридің сөзінше, Мәскеудегі ресми адамдармен әңгіме енді мұндай қауіпті оқиға қайталанбайды деген үміт тудырады.

14 сәуірде Ресей қорғаныс миинстрлігі ресейлік ұшқыштардың барлық қауіпсіздік талабын сақтағанын мәлімдеп, олардың әрекетін ақтаған. Америкалық әскерилер ресейлік ұшақтарда қару болмағанын, бірақ ұшақ эсминецке тым жақын әрі төмен ұшқаны соншалық, "суда ұшақ ізі қалғанын" айтқан.

20 сәуірде Брююсельде өтетін Ресей - НАТО кеңесінің кездесуінде әскери қақтығыс туындау қаупін азайту мәселесі күн тәртібінде тұр. Ресей - НАТО жиыны солтүстік альянс Ресей Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң Мәскеумен барлық байланысын тоқтатқан 2014 жылдың маусымынан бері бірінші рет өтейін деп тұр.

11 сәуірде ресейлік Су-24 ұшағы америкалық эсминец үстінен шамамен 900 метр қашықтықта 20 рет ұшып өткен. 12 сәуірде ресейлік ұшақ эсминец үстінен 11 рет ұшып өткен. Ұшақ бір кездері кеме үстінен тоғыз метрге дейін жақын ұшқан.

"Дональд Кук" - "Арли Берк" типіндегі зымыран эсминеці. Кеме "Иджис" зымыраннан қорғаныс кешенімен жабдықталған.

XS
SM
MD
LG