Accessibility links

Лукашенко: Беларусь ислам елдерімен байланысын нығайтады


Беларусь президенті Александр Лукашенко Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінде. Стамбул, 14 сәуір 2016 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінде. Стамбул, 14 сәуір 2016 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елі ислам әлемі елдерімен байланысын "кеңейтіп, нығайтқысы келетінін" мәлімдеді. Стамбулда Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) елдері саммитінде сөйлеген Лукашенко "мұсылмандарсыз шынайы көп полярлы әлем құрудың мүмкін емесі айқын" екенін айтты.

"Әлемнің өзге маңызды геосаяси ойыншыларымен бірге ислам әлемі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаушылардың бірі бола алады" деді Лукашенко.

Лукашенко ислам елдерін бірігуге және "ішкі алауыздықтарды жоюға" шақырды.

Беларусь 56 елден тұратын ИЫҰ-ға мүше емес болса да, 13-14 сәуірде Стамбулде өткен ұйым саммитіне қатысқан.

XS
SM
MD
LG