Accessibility links

Испания өнеркәсіп министрі офшор дауынан отставкаға кетті


Испанияның отставкаға кеткен өнеркәсіп министрі Хосе Мануэль Сориа.
Испанияның отставкаға кеткен өнеркәсіп министрі Хосе Мануэль Сориа.

Испанияның өнеркәсіп министрі Хосе Мануэль Сроиа офшор дауына байланысты отставкаға кетті деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Сориа өзінің заңға қайшы әрекет жасағанын жоққа шығарды, бірақ ол 2016 жылдың соңында өтетін сайлау алдында өз партиясының беделіне нұқсан келтірмеу үшін қызметінен кетуді қажет деп тапқанын айтты.

Сәуірдің басында Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы ондаған ел басшылары мен саясаткерлерінің, белгілі адамдардың коррупциялық әрекеттері туралы материалдарға жасаған зерттеуін жариялаған. Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясының әшкере болып кеткен құжаттарында Сорианың ол саясатпен айналыса бастаған 1992 жылдан үш жыл бұрын Багам аралдарында тіркелген офшорлық компанияның директоры болғаны айтылады. 1995 жылы компания таратылып, одан үш ай өткен соң Сориа Канар аралдарындағы Лас-Пальмас қаласының мэрі болған.

Бұған дейін "Панамагейт" деп аталып кеткен құжаттарда аты аталған Исландия премьер-министрі Сигмундур Давид Гуннлейгссон да отставкаға кеткен.

Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон әкесінің офшорлық компаниясында өзінің үлесі болғаны мәлім болған соң 2009-2015 жылдар аралығындағы табысы туралы мәліметті жариялаған.

XS
SM
MD
LG