Accessibility links

Демограф Мақаш Тәтімов өмірден озды


Қазақстандық ғалым Мақаш Тәтімов.
Қазақстандық ғалым Мақаш Тәтімов.

Қазақстандық демограф-ғалым Мақаш Тәтімов ұзаққа созылған дерттен кейін 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Өткен ғасырдың соңына қарай жұртшылыққа демография саласындағы зерттеулерімен танылған Мақаш Тәтімов 1990 жылы Қазақстанда құрылған «Азат» азаматтық қозғалысы теңтөрағаларының бірі болды. Кейін Қазақстан президенті аппаратында ақпарат және талдау бөлімінде жұмыс істеді.

Мақаш Тәтімов көші-қон саясатын қалыптастыруға, шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралуына атсалысты. Ол Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға (қазіргі Астана) көшіруді қолдап, бұл шара солтүстік өңірдегі демографиялық ахуалдың өзгеруіне алып келгенін айтқан еді. Сондай-ақ ол елде демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін бойдақтарға салық салу, көп әйел алуға рұқсат беру жөнінде бастамалар көтерген.

Мақаш Тәтімов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Украинаның Днепродзержинск қаласындағы училищеде бірге оқып, кейін Теміртау металлургия зауытында бірге жұмыс істеген.

Мақаш Тәтімовпен қоштасу рәсімі 18 сәуірде Алматыдағы Орталық Азия университетінде өтеді.

XS
SM
MD
LG