Accessibility links

Қазақстандық екі таэквондошы Рио жолдамасын алды


Таэквондо. (Көрнекі сурет.)
Таэквондо. (Көрнекі сурет.)

Филиппинде таэквондодан өтіп жатқан іріктеу жарысында Қазақстан спортшылары Риодағы олимпиада ойындарына екі жолдамаға ие болды.

Ерлер арасында +80 килограмда Руслан Жапаров, қыздар арасында 49 килограмда Айнұр Есбергенова финалға шықты. Жарыс ережесіне сәйкес, финалға дейін жеткендер Рио лицензиясын иеленеді. Жапаров финалда қытайлық Циао Цэннен жеңіліп, күміс жүлде алды.

Ал Айнұр Есбергенова тайпейлік Хуанг Хсуаннан ұтылып, екінші орын иеленді.

Маниладағы олимпиадалық іріктеу жарысы 17 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG