Accessibility links

Иран Ресейден алған S-300 зымыран кешенін көрсетті


S-300 зениттік зымыран кешені. (Көрнекі сурет.)
S-300 зениттік зымыран кешені. (Көрнекі сурет.)

Иран ұлттық армиясы күніне орай Тегеранда бүгін өткен жыл сайынғы парад кезінде Ресейден тапсырыс бойынша алынған S-300 зениттік зымыран кешені көрсетілген. ISNA ресми ақпарат агенттігі таратқан суреттерде S-300 кешенінің зымыран салатын бөліктері мен радиолокациялық қондырғылары бейнеленген.

Парадта сөйлеген Иран президенті Хассан Роухани елдің әскери күш-қуаты тек қорғаныс пен өзгелерді тежеу мақсатын көздейді деп мәлімдеген.

11 сәуірде Иран үкіметі Ресейдің Тегеранға S-300 зениттік зымыран жүйесінің алғашқы бөлігін жолдағаны туралы жариялаған. 2010 жылы Ресей әуе шабуылынан қорғану саласында әлемдегі ең тиімді жүйелердің бірі саналатын S-300 зымыран кешенін сату туралы Иранмен жасасқан келісімін орындауды Батыс елдерінің қысымымен тоқтатқан еді. Ресей президенті Владимир Путин 2015 жылы сәуірде бұл келісімді талқылауды қайта бастаған.

АҚШ пен Израиль Иранға зымыран жүйесінің берілуі аймақтағы әскери күштер тепе-теңдігін бұзуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG