Accessibility links

Бразилия парламентінің төменгі палатасы президентке импичмент жариялады


Бразилия президенті Дилма Русеф.
Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилия парламентінің төменгі палатасы президент Дилма Русефке "президент сайлауы кампаниясында мемлекет бюджетінің шынайы көлемін жасырды" деген айып бойынша импичмент жариялауды қолдап дауыс берді.

Ел астанасы Бразилиада парламент сессиясында өткен ұзақ талқылаудан соң импичментті 367 депутат қолдап, межелі 342 дауыстан асты. Импичментке қарсы 167 депутат берген. Енді импичмент жариялау жобасы парламенттің жоғарғы палатасы - сенатта мамыр айында дауысқа салынады. Сенат Русефке импичмент жарияласа, онда ол сенатта сотқа тартылады. Егер айыпты деп танылса, онда президент қызметінен мүлдем кетеді.

68 жастағы Дилма Русеф өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, өзіне қарсы кампанияны "төңкеріс" деп атады. Русефтің іс басындағы солшыл Жұмысшы партиясы президентті "көшеде және сенатта қорғауды" жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Жұмысшы партиясы 13 жыл бұрын билікке келгенде Бразилиядағы кедей халықтың тұрмысын жақсартуға уәде еткен.

XS
SM
MD
LG