Accessibility links

Кабулде күшті жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Кабулдегі жарылыстан жараланған адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 19 сәуір 2016 жыл.
Кабулдегі жарылыстан жараланған адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 19 сәуір 2016 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында күшті жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Седик Седикидің 19 сәуірде хабарлауынша, жанкешті жарылысынан соң атыс басталып, оқиға аумағын қауіпсіздік күштері қоршауға алған. Жарылыстың нақты қай жерде болғаны әзірге белгісіз. Бірақ шабуыл бірнеше министрлік пен қауіпсіздік органдары орналасқан аумаққа жақын болғаны туралы ақпарат бар.

Шабуылға жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы мойнына алды. Қозғалыс бір апта бұрын "көктемгі шабуылын" бастайтынын мәлімдеген.

Президент әкімшілігі шабуылды қатаң айыптап, одан бірнеше адам мерт болып, я жараланғанын мәлімдеді.

Кабулдың жедел медициналық жәрдем ауруханасының өкілі жеңіл жараланған сегіз ауған сарбазы түскенін хабарлады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Кабулдегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG