Accessibility links

Астаналық гүл сатушылар дүкендерін сүруге қарсы


Гүл сатушы кәсіпкер Бибігүл Мұқанова. Астана, 19 сәуір 2016 жыл.
Гүл сатушы кәсіпкер Бибігүл Мұқанова. Астана, 19 сәуір 2016 жыл.

19 сәуірде Астанада жиырма шақты гүл сатушы «Жастар» ауданына жиналып, БАҚ өкілдеріне сан жылдан бергі кәсіптерінен айырылып қалғандарын хабарлады. Олардың айтуынша, гүл сату үшін жалдап келген жерлерін аудандық әкімдік қайта жалдауға бермей қойған. Соның кесірінен олар құжатсыз қалған. Сәуір айының басынан бері гүл сататын дүңгіршектері «қала сәулетіне сәйкес келмейтіндіктен» арнайы техникамен айыппұл тұрағына апарыла бастаған.

Дүкендерінің сүрілгеніне наразы гүл сатушылар. Астана, 19 сәуір 2016 жыл.
Дүкендерінің сүрілгеніне наразы гүл сатушылар. Астана, 19 сәуір 2016 жыл.

- Біз бұрыннан сауда жасап тұрған жерімізде қалу үшін өтініш жаздық. Дүңгіршектің көлемі мен келбетіне қатысты әкімдік талабын орындауға да келістік. Бірақ, оңды жауап болмады. Қайтадан өтініш хат жазғаннан пайда жоқ. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына, «Нұр Отан» партиясына бардық. Олардың бәрі «1000 орын» атты қалалық бағдарламамен сату орнын алуға болатынын айтады. Бірақ ол бағдарлама әлі жұмыс істеген жоқ. Дүңгіршегімізді сүрмей-ақ, тып тыныш жұмыс істеуімізге мүмкіндік беріп, бағдарламасына қатыстыра бермей ме, - деді кәсіпкер Бибігүл Мұқанова.

Астанадағы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов «құжаттары дұрыс емес дүңгіршектерді» алып тастауды «рейдерлік» әрекет деп санамайды.

Алматы ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов. Астана, 19 сәуір 2016 жыл
Алматы ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов. Астана, 19 сәуір 2016 жыл

- Ертеңнен бастап «Көше саудасындағы мың орын» бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама бойынша, қалада тәртіп орнайды. Астанада жабайы сауда қаптап кеткен. Сауда дүңгіршектері санитарлық талаптарға сай келмейді,- ­деді ол.

Азаттық тілшісінің «Алматы ауданында заңсыз жұмыс істеп тұрған қанша дүңгіршек бар?» деген сұрағына осы аудан әкімінің орынбасары нақты жауап айтпады.

Ал гүл сатушы кәсіпкерлер жерлерін қайтадан жалға ала алмай отырғандарының бір себебі «әлдекімдердің бизнестерін тартып алу әрекеті» деп долбарлайды.

XS
SM
MD
LG