АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясы, Ұлыбритания мен Германияға алты күндік сапарын бастады.
Обама сапарында жүрген журналистердің хабарлауынша, Эр-Риядқа барар жолында Обама Германиядағы Рамштайн қаласы түбіндегі америкалық әуе базасына соғады. Ақ үй Лондонда Обамаға АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама қосылатынын хабарлады.