Accessibility links

ЕО Қырғызстандағы реформаларға 49 миллион еуро бөлді


Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы Қырғызстанға білім беру саласы мен сайлау жүйесінде реформалар жүргізуге 49,13 миллион еуро грант бөлді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қаржы бөлу туралы келісімге 19 сәуірде қол қойылған. Демократияны сайлау жүйесі арқылы жақсартуға 13,13 миллион еуро, білім беру саласындағы реформаларды қаржыландыруға 36 миллион еуро бөлінген.

Келісімге қаржы министрі Әділбек Қасымәлиев пен Еурпоа комиссиясының халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі директоры Йобст Вон Киршман қол қойған.

XS
SM
MD
LG