Accessibility links

Обама араб елдерін Иранмен шиеленісті бәсеңдетуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудпен кездесіп отыр. Эр-Рияд, 20 сәуір 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудпен кездесіп отыр. Эр-Рияд, 20 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясына сапарында Эр-Рияд пен Парсы шығанағы елдерін Иранмен соңғы уақыттағы шиеленістерді реттеуге шақырды.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Парсы шығанағындағы сүнниттік араб елдерін шииттік Иранмен "салқынқанды бейбітшілік" орнатуға, діни шиеленісті азайтып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы тарапынан төнетін қауіпке ортақ күреске назар аударуға көндіргісі келеді.

Обама Сауд Арабиясы королі Салманмен кездесуінде тіке айтпаса да, көмекшілері АҚШ президенті сүнниттік мемлекеттердің Иранмен "көрші болуды қабылдауды" қалайтынын білдірген.

"Президент пен король Иранның аймақтағы арандатушылық әрекеттерінен төнетін қауіпті талқылап, аймақтағы қақтығыстарды реттеудің барлығына бірдей қадамдарының маңызды екенін келісті" дейді Ақ үй.

Иран мен Сауд Арабиясындағы бәсекелестік биыл барлық саланы - футбол мен мұнай өндіруден бастап Сирия, Ирак және Йемендегі қақтығыстарға дейін қамтыған.

Обама бұған қоса Парсы шығанағының мұнайға бай елдерін Ирактың ИМ-мен күресіне және Рамади сияқты ИМ содырларынан зардап шеккен қалаларды қайта қалпына келтіруге көмектесуге шақырды.

XS
SM
MD
LG