Accessibility links

Қыдырбаев пен Өтешов допинг дауынан олимпиадаға бармайды


Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.
Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио-де-Жанейро олимпиадасына бармайды деп мәлімдеді бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Астанада халықаралық конференцияда сөйлеген министр Өтешов пен Қыдырбаев допинг қолданды деген дауға ілінген соң біреуі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шеттетілгенін айтты.

Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионатында қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеп, үшеуін де алдағы жарыстардан уақытша шеттеткен.

Бұған қоса өткен жылдың соңында тыйым салынған препарат қолданғаны үшін жас ауыр атлеттер Игорь Сон мен Татьяна Капустина 2015 жылғы әлем біріншілігі жүлделерінен айырылған.

XS
SM
MD
LG