Accessibility links

АҚШ Ресейді Қырым татарлары Меджлисін жаппауға шақырды


Қырым татарлары Меджлисінің жиыны (Көрнекі сурет).
Қырым татарлары Меджлисінің жиыны (Көрнекі сурет).

АҚШ Ресейді Қырым татарлары Меджлисін "экстремистік ұйым" деп танып, қызметін тоқтатқан шешімін жоюға шақырды.

"Ресей билігінде ресейлік заңды Украинадағы татарларға қарсы қолдануға ешқандай негіз, я себеп жоқ" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби.

Ресей әділет министрлігі 18 сәуірде Украина 1999 жылы заңдастырған Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - Меджлисті "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Министрлік Меджлиске БАҚ-ты пайдалануына, қоғамдық жиындар өткізуіне, сайлауға қатысуына, банк есеп шотын салықтық төлем, қарызын төлеуден басқа қаржылық операцияларға қолдануына тыйым салды.

"Бұл әрекет басшылықтың түбекті басып алуға қарсы шыққандарды, оның ішінде Қырым татарлары мен өзге де этникалық және діни азшылық өкілдеріне қарсы билікті кезекті рет асыра пайдалануы" деді Кирби.

"Біз Ресейді тағы Қырымды басып алуын тоқтатып, оны басқаруды Украинаға қайтаруға шақырамыз. Қырымға қатысты салынған санкциялар аннексия тоқтамайынша күшінде қалады" деді мемлекеттік департамент өкілі.

XS
SM
MD
LG