«Әл-Қаида» террорлық ұйымының қаржыгері деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Абдул Рехман Пәкістанда ұсталған. Бұл туралы жұма күні Пәкістан полициясы хабарлады. Ол Пәкістан арнайы қызметі мен полиция жүргізген операция барысында Карачидің халық тығыз орналасқан Мукаддас-Хайдер ауданында қолға түскені айтылады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрт жыл бұрын Абдул Рехманды санкциялық тізіміне енгізген.
Тергеушілер Абдул Рехман «Әл-Қаида» ұйымының негізін қалаған Усама бен-Ладен және оның мұрагері Айман әл-Зауахиримен бірнеше рет кездескен деп санайды. Сонымен бірге бұл адам 2002 жылы америкалық журналист Дэниел Перлді ұрлап әкетіп, өлтіру қылмысына негізгі күдікті саналатын Сауд Мемонмен тығыз қарым-қатынаста болған деген болжам бар.