Accessibility links

Австрияда президент сайлауының алғашқы кезеңі өтіп жатыр


Австрия президенті Хайнц Фишер. Вена, 27 наурыз 2014 жыл.
Австрия президенті Хайнц Фишер. Вена, 27 наурыз 2014 жыл.

Үкіметтің миграциялық дағдарысты реттеу жөніндегі іс-әрекеттеріне сайлаушылардың көңілі толмай отырған шақта Австрияда президент сайлауы өтіп жатыр. 2004 жылдан бері ел президенті қызметінде отырған Хайнц Фишердің өкілеті шілде айында аяқталады. Бұл сайлауға түсіп жатқан кандидаттарың ешбірі бірінші турда жеңіске жетуге қажетті дауыс жинай алмауы мүмкін. Онда сайлаудың екінші туры 22 мамырда өтеді.

Австрия президенттігіне алты кандидат тіркелген, бірақ солардың тек үшеуінің ғана сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Олар – «Жасылдар партиясының» бұрынғы жетекшісі Александр Ван дер Беллен, оппозициялық оңшыл Еркіндік партиясынан ұсынылған кандидат Норберт Хофер және Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Ирмгард Грисс. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 22 пайызынан 25 пайызына дейінгі бөлігі осы үш кандидатты қолдайтындарын айтқан. Ал биліктегі социал-демократиялық партия өкілі Рудольф Хундсторфер мен консерватор Андреас Кольдің екінші турға өтулері екіталай деп хабарлайды DPA агенттігі.

Австрия президенті негізінен ресми сипаттағы міндеттер атқарады. Сонымен бірге президент елдің федералдық канцлерін қызметке тағайындап, парламент сайланғаннан кейін үкіметтен ант қабылдайды.

Австрия президенті бүкілхалықтық дауыс беру негізінде алты жылға сайланады. Бұл орынға бір адам екі мерзімнен артық сайлана алмайды.Президент қызметіне сайлану үшін кандидат қарапайым көпшілік дауыс жинауы шарт.

XS
SM
MD
LG