Accessibility links

Каримов Мәскеуге сапарлап барады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов ТМД елдері басшыларының саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов ТМД елдері басшыларының саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін екі күндік ресми сапармен Мәскеуге барады.

Кремльдің хабарлауынша, Каримов Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты қарым-қатынасты нығайтуды, аймақтық және кейбір халықаралық мәселелерді тақылайдыдеп күтіліп отыр.

Каримов Өзбекстанды совет одағы ыдырайтын 1991 жылдан бұрын басқарып келеді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Каримовты адам құқығын бұзады деп сынайды.

АҚШ мемлекеттік департаменті таяуда жариялаған есебінде өзбек қауіпсіздік қызметін "тұтқындарды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетеді" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG