Accessibility links

Сағадиев: Ағылшын тілді 30 мың мұғалім керек


Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Сурет Қазақстан үкіметі сайтынан алынды.
Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Сурет Қазақстан үкіметі сайтынан алынды.

Қазақстанда мектепте үш тілде білім беру жүйесіне өту үшін жоғары сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде өткізетін 30 мыңнан астам мұғалім қажет деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Қазір Қазақстанда 36 мыңнан астам мұғалім барын айтқан Сағадиев жоғары сыныпта сабақ бере алатын 32 мыңға тарта мұғалім керегін айтқан. "Егер тіпті әрбір 20-мұғалім үш жыл шегінде сабақты ағылшын тілінде өткізе алатындай деңгейге жетсе, онда қажеттіліктің жартысы толығады. Бұған қосымшабізде жыл сайын педагогикалық жоғары оқу орындарынан 13-14 мың адам бітіріп шығады. Меніңше, бізде мұғалімдер саны жеткілікті болады" деген министр Астанада өткен баспасөз конференциясында.

Сағадиев үш тілде білім беру жүйесіне өтуге қазақ және орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер саны жеткілікті екенін айтқан. Ол балалар ағылшын тілін екінші тіл ретінде бұрыннан оқып келе жатқандықтан ағылшын тілін үйренуде "қиындық тумайтынын" жеткізген.

XS
SM
MD
LG