Accessibility links

Назарбаев арнайы жасақтар жаттығуын бақылады


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

Алматы облысында сапарлап жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерін әскери және методикалық дайындау орталығында болды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы түбіндегі Заречный елді мекеніндегі орталықта Назарбаев мемлекеттік күзет қызметінің "Қалқан", Ұлттық гвардияны "Бүркіт", ішкі істер министрлігінің "Сұңқар", Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан", Алматы қалалық ікі істер департаментінің "Арлан" арнайы жасақтарының жаттығуына қатысқан.

"Қайсар-2016" деп аталатын жаттығу кезінде арнайы мақсаттағы жасақтардың антитеррорлық операцияларды жүргізу машығы тексерілген.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Назарбаев жаттығуды трибунадан бақылаған. Ол әскерилердің міндеті - "елдегі тыныштықты, бейбітшілік пен келісімді сақтау" екенін айтқан.

Жаттығу бірқатар қалада үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру және шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсы митингілер мен жалғыз адамдық пикеттер өтіп жатқан тұста болып отыр.

Ішкі істер министрлігінің әскери және методикалық дайындықтан өткізу орталығы Алматы облысының Іле ауданында орналасқан, аумағы 208 гектарды құрайды.

XS
SM
MD
LG