Accessibility links

Ауыр атлет Седов Азия чемпионы атанды


Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 2014 жылы Алматыдағы әлем чемпионаты кезінде.
Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 2014 жылы Алматыдағы әлем чемпионаты кезінде.

Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы Владимир Седов 94 килограмда алтын алды.

Ол қсерпе көтеруде 175, жұлқа көтеруде 211 килограмды көтерді. Қоссайыс қорытындысы - 386 кг.

Күміс медальды ирандық Али Хашеми алды - 374 кг (174+200). Қоланы оңтүстік кореялық Пак Хан Вунг иеленді - 368 кг (160+208).

Седов 2009 жылы Талдықорғанда өткен Азия чемпионатында да алтын алған. Кейін ол 2009 жылы Гоянгта (Оңтүстік Корея) өткен әлем чемпионатында алтын, 2014 жылы Алматыдағы әлем біріншілігінде күміс иеленген.

Қазақстан Ташкенттегі Азия чемпионатында екінші алтынын алды. Осыған дейін 85 килограмда Денис Уланов Азия чемпионы атанған.

Ташкенттегі Азия чемпионаты 30 сәуірде аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан тек Уланов пен Седов барған.

XS
SM
MD
LG