Accessibility links

Азаттық тілшісін Жаңаөзенге кіргізбеді


Азаттық тілшісі мінген көлікті тоқтатқан полицей қызметкері көлік жүргізушісімен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен. Маңғыстау облысы. 29 сәуір, 2016 жыл.
Азаттық тілшісі мінген көлікті тоқтатқан полицей қызметкері көлік жүргізушісімен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен. Маңғыстау облысы. 29 сәуір, 2016 жыл.

Азаттықтың Маңғыстау облысындағы тілшісін жұма күні Жаңаөзенге кіре берісте полиция ұстап, оны облыс орталығы Ақтауға қайтарды.

Азаттық радиосының Маңғыстау облысындағы тілшісі Сәния Тойкен жұмыс бабымен Жаңаөзен қаласына бармақ болған кезінде полиция қызметкерлері оны қалаға кіргізбеді.

Тілші 29 сәуір күні кешке таксиге отырып, Жаңаөзен қаласына барған. Алайда Жаңаөзенге жетпей ол отырған таксиді полиция тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тілші отырған көліктің "Ақтау қаласындағы жол-көлік оқиғасына қатысы болуы мүмкін" және такси көлігі "жолаушысымен бірге Ақтауға қайтарылуға тиіс" болған. Көлікте Азаттық тілшісінен басқа жолаушы болмаған.

Азаттық тілшісінің сұрақтарына өзін Нұрәділ Дәулетов деп таныстырған полиция капитаны такси көлігінің Ақтау қаласында "жаяу адамды қағып кетті" деген күдікке ілінгенін, өзіне көлікті "жолаушыларымен бірге алып келу тапсырылғанын" айтқан.

Қазір полицейлер Азаттық тілшісі мінген такси көлігін өздерімен бірге Ақтауға қарай әкеле жатыр. Такси көлігін жан-жақтан төрт бірдей полиция көлігі қоршап жүріп келеді.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км.

XS
SM
MD
LG