Accessibility links

Ресейдің Самарасында салафи ағымының ондаған өкілі ұсталған


Ресейдің Самара қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің Самара қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет.)

Ресейдегі Самара қаласында жүргізілген арнайы операция барысында салафи қауымдастығы өкілдері жасырын жиналып құлшылық жасайтын үйден 60-қа жуық адам ұсталған деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Агенттік Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап таратқан ақпаратта ұсталғандардан тәркіленген «қолдан жасалған жарылғыш затты саперлер жарып жойғаны», әлгі үйден «экстремистік әдебиет» табылғаны айтылған.

Құқық органдарының мәліметі бойынша, аталған діни ағымның кейбір мүшелері Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысып жатыр. Сонымен бірге Самарадағы салафи қауымдастығы мүшелерінің бірі бұған дейін интернетте Ресей қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының видеоларын жариялаған деген күдікке іліккен.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG