Accessibility links

Өзбекстандағы Ресей елшілігі Георгий лентасын тарату акциясын бастады


Геогрий лентасы байланып тұрған көлік. Алматы, 6 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
Геогрий лентасы байланып тұрған көлік. Алматы, 6 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ташкенттегі Ресей елшілігі баспасөз қызметі Георгий лентасын тегін таратуға кіріскен деп хабарлады Озодлик радиосы (Азаттықтың Өзбек қызметі). Лента алу үшін Мироншақ көшесінде орналасқан елшілік қақпасына келсе жеткілікті, тегін лента тарату 29 сәуірден 6 мамырға дейін жүргізіледі деп хабарлады Ресей дипломатиялық мекемесі.

«Акцияның басты мақсаты – 20-ғасырда ең зұлмат соғыстағы жеңіске кім және қандай қиындықпен ие болғанын жаңа буын жадынан шығармауға бағытталған» делінген Ташкенттегі Ресей елшілігі хабарламасында.

Ресей мен кейбір постсоветтік елдерде 2005 жылы басталған Георгий лентасын тарату акциясы содан бері жыл сайынғы дәстүрге айналған. Өзбекстанда оны қолдайтындар да, қарсылар да бар. Былтыр Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған «Өзбекстандағы Георгий лентасына қарсы» топ лентаны таратуға және тағып жүруге қарсы екендерін мәлімдеген.

Георгий лентасына қарсылар Өзбекстанмен көрші Қазақстан мен Қырғызстанда да бар. Олардың пікірінше, Қырым мен Шығыс Украинадағы жанжалдан кейін Георгий лентасы «ресейлік империализм символына» айналған.

бұрын Совет одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттердің кейбірінде 9 мамыр – Жеңіс күні мейрамы ретінде атап өтіледі. Өзбекстанда бұл күн 1999 жылдан бастап «Еске алу және құрмет күні» болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG