Accessibility links

Белгілі CNN тілшісі Исмайылды босатуға шақырды


Белгілі журналист Исмайылды босатуға шақырды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:23 0:00

Белгілі тележүргізуші, ЮНЕСКО-ның ерікті елшісі Кристиан Аманпур 7,5 жылға сотталған әзербайжандық журналисті босатуды өтінді. Хельсинки, 3 мамыр 2016 жыл.

Америкалық CNN телеарнасының халықаралық хабарлар қызметінің жетекшісі, журналист, ЮНЕСКО-ның ерікті елшісі Кристиан Аманпур Әзербайжан билігін осы елде түрмеде отырған Азаттық тілшісі Хадиджа Исмайылды босатуға шақырды.

3 мамыр - ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орай мәлімдемесін Аманпур Хельсинкиде өткен іс-шара кезінде жасады.

"Хадиджа Исмайыл түрмеде отыр. Ол биылғы ЮНЕСКО-ның Гильермо Кано атындағы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы сыйлығының лауреаты атанған. Ол - зерттеуші журналист, Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Әзербайжандағы тілшісі болған. Ол жемқорлық пен билеуші отбасы туралы батыл репортаждар жасаған. Бүгін оның түрмеде отырғанына 516 күн толды, осы сахнада тұрып өз атымнан - маған сіздер де қосыларсыздар деп сенемін - Әзербайжан үкіметінен оны босатуды сұраймын" деді Кристиан Аманпур.

Хадиджа Исмайыл 2015 жылы қыркүйекте «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деген айыптармен жеті жарым жылға сотталған. Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігі Исмайылды биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің, оның ішінде ел президенті Илхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің «қаржылық қылмыстарға қатысы бар» екені туралы зерттеу материалдары үшін соттады деп біледі.

XS
SM
MD
LG