Accessibility links

Ресей БҰҰ-ның Пхеньянды айыптауына кедергі келтіріп отыр


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын жасағанын айыптайтын қарарының қабылдануын кешіктіріп жатыр. Мәскеу қарарға "аймақтағы барлық тараптар әскери іс-қимылын тоқтатуы тиіс деген" ұсыныс қосуды талап етеді.

БҰҰ дипломаттары кеңестің өзге 14 мүшесі, оның ішінде Пхеньянның жақын одақтасы Қытай да айыптайтын қарарды еш өзгеріссіз қабылдауды қолдағанын айтады.

Солтүстік Корея өткен аптада екі рет орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран сынағанымен, сәтсіздікке ұшыраған. Пхеньян сынақты Оңтүстік Корея мен аймақтағы өзге де елдерді үрейлендіру үшін жасайды.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин АҚШ пен кеңестің өзге де мүшелері Мәскеудің ұсынысымен келіспейтінінін және Ресей АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Пхеньянның ядролық бағдарламасына қарсы тұру үшін аймақта жаңа зымыраннан қорғаныс жүйесін құруына қарсы екенін білдірді.

Ресей мен Қытай Корей түбегінде, өз шекараларына жақын АҚШ-тың жаңа зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатуына қарсы.

"Біз әр нәрсені өз атымен айтуымыз керек. Біз мүдделі тараптардан аймақтағы әскери белсенділігін азайтуын сұрауды өте маңызды деп санаймыз" деді Виталий Чуркин.

XS
SM
MD
LG