Accessibility links

АҚШ пен Ресей Алеппода қақтығысты тоқтатуға уағдаласты


Алеппо, Сирия, 2 мамыр 2016 жыл.
Алеппо, Сирия, 2 мамыр 2016 жыл.

АҚШ пен Ресей Сириядағы бітімді ұзартып, Алеппо провинциясындағы ұрыс қимылдарын тоқтатуға келісті. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Мәскеу мен Вашингтон жаңа келісімнің сақталуына бірлесе бақылайды.

Мәлімдемеде Ресей Сирия президенті Башар Асадқа қысымын күшейтуі керегі айтылады. АҚШ оппозициялық күштерге ықпал етуге уәде етіп отыр. Ақпанда Мәскеу мен Вашингтонның араласуымен қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, оны күшіне ендіру қиындық тудырып отыр.

Сирияның ең ірі қаласы, бұрын сауда-саттық торабы болған Алеппода дипломаттардың күш салуына қарамастан екінші аптаға созылған қақтығыс жүріп жатыр. Таяуда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы жағдайға арналған жиыны өтуі тиіс. БАҚ пен құқық қорғаушылардың хабарлауынша, 4 мамырда көтерілісшілердің Алеппоның Сирия үкімет әскері бақылауындағы бөлігін атқылауы салдарынан төрт адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG